RU
ШҚО-да қар астында қалған ауыл тұрғындары 5 күн бойы жарықсыз отыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да қар астында қалған ауыл тұрғындары 5 күн бойы жарықсыз отыр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанда 1735 адам тұратын ауыл қар астында қалды. Жолы жабылып, байланыссыз қалған Келдімұрат елді мекенінің тұрғындары бес күн бойы жарықсыз отырғандарын айтуда деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Ауылда бірнеше күн толассыз жауған қар салдарынан ағаштар сынып, электр сымдары үзіліп кеткен.

Енді халық үйге қажетті азық-түліктерін трактор арқылы жеткізетін көрінеді.

"Бір үйде үш бала кешеден бері тұмау болып ауырып жатыр. Ыстықтары 39,8 боп тұр. Апарайық десек міне жол жоқ", - дейді ауыл тұрғыны Райгүл Сапарғалиева.

Аяз әлегінен әбігерге түскен жұрт күрелген жерлерден тіпті көлік жүре алмайтынын, қарды толық тазалауға болатынын да айтып отыр.

Олардың сөзінше, елдімекенде жарықтың өшіп қалғанына да бес күн болған.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген ауыл әкімі тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді.

"Алаңдайтын ештеңе жоқ. Енді бұл төтенше болған жағдай. Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Электриктер өздерінің жұмысын істеп жатыр. Келдімұратта толық жарық бар. Қызылжұлдызға қазір кешке дейін жарық қосып береді", - деді Келдімұрат ауылдық округінің әкімі Қабыл Хасенов.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel