RU

Елімізде есірткі таратушылар жауапкершіліктен қалай құтылып жүр?

Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есірткі таратушылардың жауапкершіліктен қалай құтылып кетіп жүргенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Мәжілістегі пленарлық отырыста депутаттар елімізге есірткінің қай мемлекеттерден келетінін және қандай жолмен тасымалданатынын сұраған.

"Синтетикалық есірткілер бізге Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен келеді. Оларды көбінесе пошта арқылы жеткізеді", - деді Қасымов.

ІІМ мәліметінше, мұндай қызмет ақысы киви-әмияндар арқылы төленеді.

"Нәтижесінде біз оны алып жатқан адамды ғана ұстай аламыз. Осы жылы 125 қылмыстық іс қозғалды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Қасымов есірткі жасаушылардың қандай қулықтарға баратынын да айтып берді.

"Олар айла-тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Атомдар біздің тізімге кірмегендіктен, оларды жауапкершілікке тарта алмаймыз", - деді министр.

ІІМ басшысы есірткіні жарнамалайтын сайттар туралы да сөз қозғады.

"Өткен жылы 522 сайтты жапсақ, бұл жылы есірткіні таратқан 3200 сайтты бұғаттадық", - дейді.

Оған қоса Ішкі істер министрлігінде Қазақстандағы 100 АЕК-ке дейінгі (қазір шамамен 240 500 теңге) анонимді жолдауларға тыйым салу туралы ұсыныс түскен.

"Осы анонимді жолдамаларға тыйым салу туралы ұсыныс айттық. Біз ақшаның қайда жіберіліп жатқанын көруіміз керек", - деді Ішкі істер министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763469-elimizde-esirtki-taratusylar-zauapkersilikten-kalaj-ktylyp-zr.html