RU

Қытайлық хатико: Марқұм иесін күтіп отырған ит жұрттың жүрегін елжіретті

Қытайдың Хух-Хото қаласында жергілікті Хатико табылды. Ол жол бойында 80 күннен бері өз иесін күтіп отыр екен. Ал итті асыраған әйел 21 тамызда қайтыс болып кетіпті деп хабарлайды Segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қазір үй жануарының танымалдылығы артқан. Ал оны тамақтандырмақ болған азаматтардың бірі түсірген видео желіге тарап кеткен екен.

Куәгерлер иттің қорқақ екенін, қасына жақындап кетсе, қашатынын айтады.

Видеоны қазірдің өзіне бір жарым млн адам қараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763476-kytajlyk-hatiko-markm-iesin-ktip-otyrgan-it-zrtty-zregin-elziretti.html