RU
Қызы сотталған Қызылорда облыстық ПД басшысы шенін сақтап қала ма?
Жаңалықтар Қоғам

Қызы сотталған Қызылорда облыстық ПД басшысы шенін сақтап қала ма?

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы сотталған полиция басшысы Қайрат Мұхитовтың өз шенін сақтап қалуы жөнінде қойылған сұраққа жауап берді. Министр Малика Мұхитоваға шығарылған үкім оның әкесінің жұмысына қалай әсер ететіні туралы айтты деп жазады NUR.KZ.

Малика Мұхитова. Фото NUR.KZ

Малика Мұхитова. Фото NUR.KZ

Астанадағы Есіл аудандық №2 соты Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі деп танылған Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған болатын.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшысының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткені үшін айыпталған.

"Конституция бойынша, оған қандай талап қоюымыз керек, айтыңыздаршы? Ол 29 жастағы азаматша. Ата-анасынан бөлек тұрады. Әр ісі үшін өзі жауап береді. Енді әркімнің істеген қылмысында туыстарын да жауапкершілікке тартуымыз керек пе сонда?" , - деп сұрақтың үстіне сұрақ жаудырды Қасымов.

Министр өзіне қойылған сауалдың мүлде орынсыз екенін айта кетті.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
5
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel