RU

Индонезияда кері айнала бастаған әткеншек елдің зәре-құтын қашырды

Индонезия астанасы Джакарта қаласында "сайтан доңғалағы" деп аталатын әткеншек істен шығып, кері айнала бастаған. Аброй болғанда жапа шеккендер жоқ деп хабарлайды Сегодня сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Фото:Видеодан скриншот: UGC

Оқиға 11 қараша күні "Секатен" саябағында болған. "Сайтан доңғалағы" жылдамдық алып, кенет теріс бағытта айнала бастаған. Осы ақаудың салдарынан адамдар отырған кабиналар аударыла бастаған.

Кішкене баласымен бірге отырған отбасы, тұтқалардан мықтап ұстағанның арқасында ғана өлімнен аман қалған.

Құтқарушылар бірден көмекке келген. Оқиға орнында түсірілген видеодан, теріс аударылған кабинадан отбасын шығарып жатқанын көруге болады.

Полиция мәліметінше, жараланғандар мен жәбірленгендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763483-indoneziada-keri-ajnala-bastagan-tkensek-eldi-zre-ktyn-kasyrdy.html