RU
Ақбота Керімбекованың желідегі жазбасы көпшілікке ұнамай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекованың желідегі жазбасы көпшілікке ұнамай қалды

Рассказать Вконтакте

Жеке өмірінің ел талқысына түскенінен шаршаған Ақбота Керімбекова "Маған бәрібір" атты су жаңа әнді жарыққа шығармақ. Instagram парақшасында жұртты "өсекшукалар" деген әнші оқырмандарының қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Керімбекова. Фото:yvision.kz

Керімбекова. Фото:yvision.kz

"Өнер адамдарының өмірін аңдып, өзгені өсектегеннен ләззат алатын қызық адамдар бұл ән сіздерге арналады. Өсекшукалар, келіңіздер бірге билейік (ред: кел, билеші - әннің мәтіні")", - деп жазды әнші.

Ал оқырмандар өздерінің сүйікті әншілерінен мұндай жазба күтпегенін, Керімбековадан көңілдері қалғанын да жасырмады.

"Масқара! Сізден мұндайды күтпедік", "Халық болмаса сендер кімсіңдер?", "Өз өмірлеріңді жариялап аласыңдар да, осындай ән шығарып жүресіңдер".
"Сізден көңілім қалды", "Сіздер сол өсекті түрлі бағдарламада өз ауыздарыңызбен айтасыздар ғой", "Халықтың арқасында Ақбота болып жүрсің. Мына сөзіңе жол болсын", "Сізде қара пиар жинайын дедіңіз бе?", "Өздерің жарияламасаңдар, өмірлеріңді қайдан білеміз?" деп жарыса жазды олар.

Айта кетейік, соңғы уақытта әнші үшінші күйеуіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Керімбекованың су жаңа әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel