Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы қайта өсіп жатыр

Опубликовано:

14 қараша күні KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 375,83 теңгені құрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz: UGC

Алдыңғы күні таңертеңгілік сауда-саттық бойынша ұлттық валюта бағамы бір долларға 374,05 теңгені көрсеткен еді. Ал 13 қарашада доллар құны 374,35 теңгені құрады.

Сейсенбі күні екі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, орташа сараланған бағам бір АҚШ доллары үшін 374,20 теңге болды.

Осылайша, өткен күнмен салыстырғанда "америкалық" валюта 1,63 теңгеге өсті.

Ал 14 қарашада сауда көлемі 39,05 млн долларды құрады.

Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасы орта есеппен 377,35 теңгеден сатылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1763501-dollar-bagamy-kajta-sip-zatyr/

pixel