RU
Ақтөбеде қайтыс болған 7 жасар қыздың інілері ауруханаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде қайтыс болған 7 жасар қыздың інілері ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Жуырда Ақтөбеде қайтыс болған 7 жасар қыздың отбасында тағы бір оқиға орын алды. Бұл жолы қыз баланың інілері ауруханаға түскен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

fakty.com.ua

Көрнекі фото:fakty.com.ua

Бірінші сынып оқушысы таяуда жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен еді. Қайғылы жағдай бүкіл отбасының көз алдында болған.

Енді марқұмның екі інісі де ауруханаға түскен.

Дәрігерлер балалардың денсаулығының нашарлауына гемоглобинің төмендігі себеп болғанын алға тартып отыр.

Алайда балалардың анасы ұлдарының үлкен психологиялық соққы алғанын айтады.

"Ұлдарым әпкелерінің қайтыс болғанын көрді. Содан кейін мазалары қашып кетті. Әсіресе, 4 жасар Нұрбақыттың. Ол үнемі жылап, Інжуді үйге алып келуімізді талап етеді", - дейді балалардың анасы.

Келіншектің айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін дәрігерлер үйлеріне көңіл айтып келмепті, кешірім де сұрамапты.

Сонымен қатар, ақ халаттылар отбасына психологиялық көмек көрсетуге ұсыныс та жасамаған.

Психолог Ирина Украинцеваның сөзінше, дәл осы фактіге баса назар аудару керек еді.

"Көз алдыларында жақындары бақилық болып кетті. Бұл ұзақ уақытқа дейін жазылмайтын психологиялық жарақат. Бұл олардың болашақ өмірлеріне де әсер етеді. Сондықтан дәл қазір жанұяның әрбір мүшесіне психлогиялық көмек көрсетілуі тиіс", - дейді маман.

Қазір ауруханада балалардың жанында әкелері бар. Ал анасы емшектегі баламен қалған балаларға қарап үйде отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде жеті жасар қыздың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Балақай дәрігерлер келгенше көз жұмған. Оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем тек 49 минуттан кейін келгенін дәрігелер мойындаған еді.

Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі де пікір білдірсе, министр Елжан Біртанов жеті жасар қыздың өліміне кінәлі адамдардың барлығын жазалауға уәде берген.

Айта кетейік, қайтыс болған балақайдың анасы бұған дейін бір қызынан айырылып қалғанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel