RU

Қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында неше күн демалады?

Қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында төрт күн демалады. Оған қоса, тәуелсіздік күніне орай тағы төрт күндік демалыс күтуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында мәлімделген деп жазады NUR.KZ.

Фото: politeka.org
Фото: politeka.org: UGC

Қазақстандықтар желтоқсан айын үш күндік демалыстпен бастамақшы. 1 желтоқсанда елімізде тұңғыш президент күні тойланатын болады.

Мереке сенбі күнге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні үшінші желтоқсанға шегерілмек.

16 желтоқсан күні болатын Тәуелсіздік күні де жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 18-іне ауыстырылады. Есесіне ел тұрғындары қатарынан төрт күн демалуға мүмкіндік алады.

Жаңа жыл қарсаңында демалыс күндері 30 желтоқсан мен екінші қаңтар аралығында болады. 31 жетоқсандағы жұмыс күні 29-ына ауыстырылады.

Жетінші қаңтар православ христиандары Рождество тойлайды. Дүйсенбіге түсетін мереке күні қазақстандықтар демалатын болады.

Барлығын алып қосқанда мемлекет тұрғындарын алдағы айда 13 күн демалыс күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763514-kazakstandyktar-zaa-zyl-karsaynda-nese-kn-demalady.html