RU

Астанада мектепке "бомба" қойылғанын айтып, елдің үрейін ұшырған кім?

Астанада полицейлер мектеп оқушыларының шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілуіне байланысты ресми мәлімде жасалды. Тәртіп сақшылары білім ордасында бомба бар екенін хабарлаған жасөспірімді анықтап, оны тұтқындаған. Бұл жөнінде қалалық полиция департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC
"14 қараша күні сағат сегізде мектеп директоры полицияға хабарласып, өзіне белгісіз біреудің қоңырау шалғанын мәлімдеді. Анықталғандай, қоңырау соққан адам сағат 11:00-де мектептің жарылатынын хабарлаған.
Санаулы минуттарда оқиға орнына полицейлер жетіп, мектеп айналасын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары бірден оқушылар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялады. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің жалпы саны 1800 адамды құрады.
Мектеп айналасын тексеру шаралары сағат 10:05-те аяқталды. Оның нәтижесінде мектеп аумағында ешқандай қауіпті және тыйым салынған заттар анықталмаған. Жедел іздестіру жұмыстары аясында 15 жастағы жасөспірім ұсталған. Ол мектеп директорына қоңырау шалғанын мойындады." , - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты терроризм жөнінде жалған ақпарат тарату бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада шұғыл түрде мектеп оқушыларының эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763522-astanada-mektepke-bomba-kojylganyn-ajtyp-eldi-rejin-syrgan-kim.html