RU

Балабақшада қыз үшін төбелескен бүлдіршіндердің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде балабақшада төбелескен кішкентай балалардың видеосы тарап кетті. Балақайлар бүлдіршін қызға таласып қалған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр: UGC

"Лезгинкаға" билеп жүрген қыз балаға қол жеткізу үшін төбелескен балақайлар көпшіліктің көңілін көтерген. Видеодан төрт-бес жасар екі ұлдың қызбен билеу үшін текетіресіп жатқанын көруге болады.

"Қызға таластың қанша жастан басталатыны белгілі болды", "Кіп-кішкентай болып алып, қызға қырындауды қайдан біледі мыналар?!", "Тоқтаусыз күліп алдым-ау".
"Мен де осылай қызға таласып, ұстаз бұрышқа тұрғызып қойған еді", "Жылап қалмай, намысқа тырысып жүр ғой", "Тойдағы төбелес жайына қалды, мына видеоның жанында" деп жарыса жазды оқырмандар.

Айта кетейік, видеоның қай елден, қай өңірден түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763531-balabaksada-kyz-sin-tbelesken-bldirsinderdi-videosy-tarady.html