RU

Тасмағамбетовтың суретші қызы өзінің шығармашылығы туралы айтып берді

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың кенже қызы Софья еліміздің ең үздік 50 суретшісі тізіміне енген. Ол өзінің шығармашылығы туралы Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді деп жазады NUR.KZ.

Софья Тасмағамбетова. Фото: belcanto.ru
Софья Тасмағамбетова. Фото: belcanto.ru: UGC

Суретші ару есімінің қазақстандық шеберлер тізіміне енгені ол үшін қаншалықты маңызды екенін айтты. Тасмағамбетованың сөзінше, аталмыш рейтинг сарапшылар пікірімен құрылғандықтан, ол шығармашылық адамы үшін үлкен рөл ойнамайды.

Қазіргі кезде Софья "Евгений Онегин" премьерасының дайындық жұмыстарына қатысып жүр. Жалпы шығарамашылық жоспары бойынша, саясаткердің қызы бірнеше жыл театрда жұмыс істегісі келетінін айтты.

Софья көркем реализм жанрындағы картиналарды салғанды жақсы көреді. Себебі дәл осы бағыт эмоционалдық тұрғыда оның жүрегіне жақын екен.

Софьяның картиналары. Фото: cultural.kz
Софьяның картиналары. Фото: cultural.kz: UGC

Ол суретшілікті тек қана мамандық ретінде емес, өзінің ерекше әуестігі ретінде көретінін айтты. Сондықтан кейде үлкен жобаларды жүзеге асыру кезінде театрдағы жұмысына бар уақытын арнауға тура келетінін жасырмайды.

"Кейде менің жұмыс күнім түнімен жалғаса береді және бір ғана қойылымның өзіне 300-500 киім мен түрлі әшекей бұйымдар ойлап табу керек болған кезде бұл процесті тоқтату мүмкін емес", - дейді ол.

Оған қоса, Софьяның пікірінше, безендіру жұмыстарынің шегі болмайды. Тек өз-өзіңе "Тоқта!" деп қана айта аласың.

Алайда бойжеткен барлық жақындарының тарапынан шығармашылығына деген қолдауды сезінгендіктен, оған жұмыс істеу анағұрлым жеңіл екенін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763533-tasmagambetovty-suretsi-kyzy-zini-sygarmasylygy-turaly-ajtyp-berdi.html