RU

Тәжікстанда халық тегін палау үшін жаға жыртысты (видео)

10 қараша күні Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен "Оши палав" палау фестивалі төбелеспен аяқталды. Бұл туралы unian.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Vologda-portal.ru
Көрнекі фото: Vologda-portal.ru: UGC

Шара барысында шенеуніктер мен ұйымдастырушылар қала тарихындағы ең ауқымды палаудың құрметіне сөз сөйледі. Жоғары лауазымды қонақтар фестивальден кеткен соң ұйымдастырушылар бір тоннадай палауды халыққа ұсынған.

Дәл сол мезетте қала тұрғындары қазанаға тап беріп, тіпті, палауды қолдарымен де жей бастаған екен.

Бұл жағдайдан соң Душанбе қаласының басшысы қала тұрғындарының әдепсіздігі үшін өкініш білдірсе, қалалық әкімшілік шенеунігі төбелеске қатысқан адамдардың бірқатары жазаланғанын жеткізген.

Алайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қанша адамға әкімшілік жаза қолданылғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763548-tzikstanda-halyk-tegin-palau-sin-zaga-zyrtysty-video.html