RU

Алпыс жыл бойы бір-біріне адал болған зейнеткерлер махаббат хикаясын баяндады

Бразилия тұрғындары Ана Мария мен Амбросио Лопес нағыз шынайы махаббаттың дәлелі. Бұл жұптың қосылуына екі жақтың да ата-анасы қарсы болған. Алайда, түрлі қиындықтарға қарамастан ғашықтар үлкен отбасына айналған. Бүгінде алпысты алқымдаған қарттар қызыққа толы махаббат хикаясын айтып берді деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ана Мария мен Амбросио Лопестің бақытты отбасы болып, өмір сүріп жатқанына 60 жыл толған.

Үлкен қиындықтардан өткен ғашықтар бүгінде үлкен отбасын құрған. Балаларын аяққа тұрғызған олар енді немерелерінің қызығына тоймай жүр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ана Мария мен Амбросионың алғаш рет 1950 жылдардың ортасында Рио-де-Жанейро қаласында кездескен. Алайда, бойжеткеннің отбасы қызын қара нәсілді жігітке тұрмысқа бергісі келмеген.

Мұны естіген Амбросионың ата-анасы да бойжеткенді болашақ келіні ретінде көргісі келмейтінін жеткізген. Оған қоса, жұптың бірге болуына екі отбасының әлеуметтік жағдайының әр түрлі болуы да әсер еткен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Арудың әке-шешесі күйеубаласының ауқатты отбасыдан болғанын қалапты.

Алайда туған-туыстың сөзінен мезі болған Ана Мария бір күнде киім-кешегін жинап, үйінен кетіп қалған. Ол өзінің өмірін сүйіктісіз елестете алмайтынын түсініп, неде болса онымен бірге болуға бекінді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Амбросио өз кезегінде ғашығын бақытты етуге уәде беріп, сол сертін алпыс жыл бойы әлі орындап келеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бүгінде ерлі-зайыптылардың екі қызы және бес немересі бар.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ғашықтардың айтуынша, олардың махаббаты жылдан жылға тек қана күшейіп келеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ана Мария кезінде отбасын тастап, сүйіктісіне қосылғанына еш өкінбейтінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763552-alpys-zyl-bojy-bir-birine-adal-bolgan-zejnetkerler-mahabbat-hikaasyn-baandady.html