RU

Мақпал Жүнісоваға тыңдармандары алтын жүзік тақты (видео)

Мақпал Жүнісованың өнерін құрметтейтін тыңдармандары әншіге алтын жүзік тақты. Өзіне көрсетілген бұл құрметті әнші Instagram парақшасында халықпен бөліскен деп жазады NUR.KZ.

"Мақпал апамызға осы той жұғысты болсын деп, бір алтын тағып жібердік", - деді видеоны түсірген ер адам.

Ал желі қолданушылары әншінің барлық құрметке лайық екенін айтып, әншіге деген өз ризашылықтарын білдірді.

"Мақпал ханым, сіз сый-құрметке лайық адамсыз", "Жарайсыз", "Бақытты болыңыз".

"Қызыңыздың тойынан осындай алтын тағу бұйырсын", "Құтты болсын", "Қандай бақытты адамсыз", "Өміріңіз керемет қой" деп оқырмандар пікір білдірді.

Айта кетейік, күні кеше Мақпал Жүнісова жеке парақшасында жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алып, жантебірентерлік жазба қалдырған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763554-makpal-znisovaga-tydarmandary-altyn-zzik-takty-video.html