RU

Күйеуі тастап кеткен тәжікстандық әйелдер қалай өмір сүруде?

Иранда туылған Машид Мохаджерин есімді фотограф Мәскеудегі сапары кезінде, онда жұмыс істеп жатқан көптеген Тәжікстан азаматтарына кезіккен. Оны бөтен елде қызмет етіп жатқан ер адамдардың әйелі мен бала-шағасын өзімен ертіп әкелмегені қатты таңғалдырған. Бұл жайтқа үлкен қызығушылық білдірген фотограф Тәжікстанға арнайы барып, күйеулері өзге мемлекетте жұмыс істеуге кеткен әйелдердің өмірімен танысып қайтты деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Тәжікстандық әйелдер бүгінде өзге елге ақша табуға кеткен отағасыз күн көруге мәжбүр. Сол себепті, келіншектер бір ұйым болып еңбек етіп, отбасын қамтамасыз етіп отыр.

Торсонмах Фото: Mashid Mohadjerin
Торсонмах Фото: Mashid Mohadjerin: Instagram

Мәселен, "Тирчит" ұйымының құрамында 85 әйел бар. Олар табысының белгілі мөлшерін өз аулына беріп, Тәжікстандағы басқа елді мекендерді жігерлендіреді. Бұл бірлестіктің ең белсенді мүшесі Торсонмах есімді әйел. Оның күйеуі шетелге жұмыс істеуге кетіп, отбасымен хабарын үзген.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Instagram

Мына бойжеткен басқа мемлекетте жұмыс іздеп жүрген кезінде, адам саудасымен айналысатындардың құрбаны болған.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Ал мына келіншектің жұбайы сегіз жыл бұрын басқа елге ақша табуға аттанып, отбасын тастап кеткен. Бастапқы жылдары отбасына ақша жіберіп тұрған отағасы, кейіннен үш баласы мен әйелімен байланысын үзген. Жалғыз қалған ана балаларын асырау үшін егістікте жұмыс істеуге мәжбүр.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Фироза көршілерімен бірге жалға алған жерде күніне 16 сағат бойы еңбек етеді. Мақта өндірісі тәжікстандық әйелдер үшін таптырмас жұмыс болып есептеледі. Өйткені өндірістің бұл түрі Тәжікстанда ең көп экспортталатын өнім болып саналады.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Сонымен қатар, келіншектердің басым көпшілігі тігін фабрикаларында да қызмет етеді. Олар жолдастарының шетелге кетіп, отбасын тастап кетуі қалыпты жағдайға айнала бастағанын айтады.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Ұлы Отан соғысының ардагері немересін өзі тәрбиелеп отыр. Бұл қыздың әкесі Ресейге қызмет етуге кетіп, үйіне әлі оралмаған.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Қарт әйелдер соңғы кездері өмір сүрудың қиындап бара жатқанына шағымдануда. Олар халықтың әрең дегенде күн көріп жатқанын айтып, билікті сынға алып отыр. Нәзік жандылар, ерлердің шетел асуына мемлекеттегі тым аз жалақы мен жұмыссыздық себепші дейді.

Фото: Mashid Mohadjerin
Фото: Mashid Mohadjerin: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763565-kjeui-tastap-ketken-tzikstandyk-jelder-kalaj-mir-srude.html