RU

Қырғызстанда қызғаншақ еркек өз енесін аяусыз сабап тастады

Қырғызстанның Талас ауданында өз енесін сабап тастаған еркек шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Eyeni.info
Көрнекі фото: Eyeni.info: Facebook

Тергеу нәтижесіне сәйкес мамыр айының аяғында ер адамның үйіне ішіп келгені анықталған. Артынша ол әйеліне жақындап, басқа азаматпен түскен суретін көрсеткен екен. Сол мезетте ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс басталып кетеді.

Осы арада күйеу баласы кикілжіңді тоқтатпақ болған енесін ұрып жіберген екен. Ол әйелінің анасын тамағынан қысып, арқасы мен қабырғасына соққы жасаған көрінеді.

Сот отырысында жәбірленуші күйеу баласының әйелін үнемі ұратынын айтты. Ол өзі бөлек өмір сүріп, тек ішкен кезде ғана жұбайына келіп жүрген екен.

Осы істерін негізге ала отырып, әйел адам күйеу баласын бас бостандығынан айыруды сұрады.

Оның сөзінше, егер ол түрмеге жабылмаса, қызы екеуінің жазған арыздары үшін кек алатын болады.

Ал әйелі күйеуіне ешқандай арызы жоқ екенін айтады.

Осы орайда ер адам енесін ұрмағанын, тек итеріп жібергенін атап өтті. Ол салондардың бірінде суретті шығарып алғанын, артынша жұбайына барып, ажырасуы мүмкін екендігін ескерткенін жеткізді.

Алайда сот азаматты кінәлі деп тауып, оны шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763570-kyrgyzstanda-kyzgansak-erkek-z-enesin-aausyz-sabap-tastady.html