RU

"42 градус аяз": "Қазгидромет" елді дүрліктірген хабарламаға пікір білдірді

"Қазгидромет" алдағы үш күнде 42 градусқа дейін аяз болатыны туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Auto.orsk.ru
Көрнекі фото: Auto.orsk.ru: Twitter
"Бұл 2018 жылдың 23 қаңтарында шыққан жаңалық. Сол кезде осындай ауа райы болжамы жасалған", - деп түсіндірді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің айтуынша, елімізде 15-17 қараша күндері ауа температурасы шамалы көтеріліп, суық болады. Алайда бұл күндері солтүстік аймақтардан басқа өңірлерде қар мен жаңбыр жаумайды.

Мамандардың болжамынша, жалпы қарашада орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады, тек қана Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан бір градусқа төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763586-42-gradus-aaz-kazgidromet-eldi-drliktirgen-habarlamaga-pikir-bildirdi.html