Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 жастағы қазақ қызы Үндістанда бес айдан бері жүрек донорын күтуде (фото)

Опубликовано:

Врач надевает хирургическую перчатку
Иллюстративное фото: Pixabay.com

14 жастағы Жұлдыз Серікова Үндістанда бес айдан бері жүрек донорын күтіп жатыр. Оралдық қыз отандастарының қолдауы болмағанда сынаққа төтеп бере алмайтынын жеткізді деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кардиомиопатиямен ауыратын қазақстандық қыздың аман қалуына тек жаңа жүрек орналастыру ғана көмектесе алады. Қазір Жұлдыз әкесімен бірге елдегі трансплантологиядан ең мықты медициналық орталық орналасқан Ченнаи қаласында жатыр.

Қаратөбелік сегізінші сынып оқушының жүрегінде ұлпалардың барлығы бұзылған. Сондықтан ол жеті жасынан бастап өспей қалыпты. Тез шаршап қалатын Жұлдызға арасында дем де жетпей, қиналады екен.

Енді қазақстандық қыз дәрігерлер жүректі ауыстырып, донорлық ағзаның кеудеде дұрыс орналасуын тексеріп біткенше Ченнаиде тағы да жарты жыл болады.

Ал жалпы отаның шығынын Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі өз мойнына алған. Алайда жанұяның тұрмысы төмен болғандықтан, әкесі мен қызына Үндістанда өмір сүру қиынға соғып жатыр екен.

Қазір Қаратөбеде Жұлдызды анасы мен Зере есімді сіңлісі, атасы мен апасы күтіп отыр.

Ал дәрігерлер те кқана донор боалтын жүректі күту қажеттігін айтады.

"Шынымды айтсам, мен күтуден қатты шаршадым", - дейді Жұлдыздың өзі.

Екі ай бұрын "Жұлдыз" қайырымдылық қоры Жұлдыз бен әкесіне Үндістанға баратын әуе билетін алып беріп, артынша 400 мың теңге аударған. Әкесі мен қызына жақын күндері тағы да 200 мың теңге жіберілген екен.

Егер шетелде жүрек ауыстыруды күтіп жатқан қазақ қызына көмектескіңіз келсе, "Жұлдыз" қайырымдылық қорына хабарласуыңызға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763593-14-zastagy-kazak-kyzy-ndistanda-bes-ajdan-beri-zrek-donoryn-ktude-foto/

pixel