RU

Оралда кәсіпкер алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

Оралда 48 жастағы белгілі кәсіпкер тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатынан құлап, қаза болған. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау басқармасы растаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: dtk-m.ru
Көрнекі фото: dtk-m.ru: Facebook
"Қоңырау таңғы сағат 5:39- да Достық-Дружба даңғылынадғы 226-шы үйден келіп түсті. Биіктіктен құлаған азамат жарақаты салдарынан жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.

Анықталғандай, азамат осы ғимараттағы фотосалонның иесі болған. Одан бөлек, марқұмның екі бизнес-жоспары болыпты.

"Біз оның көз жұмғанын ғана білеміз. Басқа ешқандай ақпарат айтылмады. Соңғы күндері ол өзіне ұқсамай жүрді деп айтып жатыр", - дейді фотосалон қызметкерлерінің бірі.

Полиция аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763605-oralda-ksipker-altynsy-kabattan-klap-mert-boldy.html