RU

Павлодардағы денсаулық сақтау басқармасында дәрігерлер төбелесіп қалған

Павлодарда басқармада өткен жиналыстан шыққан дәрігерлер жара жыртысқан. Салдарынан бірі қабағынан жарақат алса, екіншісінің миы шайқалып, ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото NUR.KZ
Фото NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, дәрігерлер арасындағы келіспеушілікке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Олар жеке тұрып әңгімелескен екен.

Төбелеске қатысқан №3 қалалық аурухананың бас дәрігері Марлен Ахметов пен қоғамдық денсаулық сақтау бөліміндегі бас маманның міндетін атқарушы Нариман Шахмарданов болып шықты.

"Оқиға салдарынан Нариман Жақсылықұлының миы шайқалып, бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал Марлен Нариманұлы Сұлтанов атындағы ауруханаға барып, қабағын тіктірді. Көзіне зақым келмеген", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Жүсіпова.

Енді ішкі тексеру жұмыстары жүргізіліп, екі дәрігерге де тәртіптік жаза қолданылатыны айтылды. Қазіргі уақытта төбелескен азаматтар бір-біріне кінә артпаймыз деп отыр.

Полиция қызметкерлері аталмыш іс бойынша шағым түспегенін жеткізді.

Тәртіп сақшылары төбелес орын алған мекемеге барып, кикілжіңге қатысты сұрақтар қойған. Басқарма маманының айтуынша, полицейлер бейнебақылау камералары арқылы оқиғаның анық-қанығына көз жетікізетін болады.

Фото NUR.KZ
Фото NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763606-pavlodardagy-densaulyk-saktau-baskarmasynda-drigerler-tbelesip-kalgan.html