RU

15 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Бүгін зодиак белгілерінің көбі жөнсіз ақша жұмсауға бейім болады, сондықтан базар мен сауда үйлеріне жақындамаған абзал. Ал қаржыны кешкі көңіл көтеруге сақтап қойған жөн. astroscope сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 15 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

fakty.ua
fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін батыл болыңыз, ынтаңыздан айырылып қалмаңыз. Бүгін сіз кез келген жұмысты атқара аласыз. Ойларыңызды жүзеге асыру оңайға соқпайды, бірақ сіз өзіңізге сенімді болғандықтан, барлық қиындықтарды жеңесіз. Үйге қымбат, бірақ пайдалы зат алуыңыз және күтпеген жерден бір нәрсені жөндеуге тура келуі мүмкін. Сонымен қатар жарақат алып немесе ауырып қалу ықтималдығы бар, сондықтан сақ болыңыз. Балаларыңыз бүгін көңіліңізді өздеріне аударуға тырысады, сондықтан оларға көңіл бөліп, жылы сөзбен демеп жіберіңіз.

2. Торпақ

Егер бүгін сүйікті ісіңізбен айналысуды жоспарласаңыз, алған бетіңізден қайтпаңыз. Әйтпесе қиялыңыздағы өмір мен шынайы өміріңіз бір-бірімен мүлде үйлеспесе, сізде "өміріме махаббат пен қуаныш еніп, бұл өмірден ләззат алуыма үшін не керек?" деген сұрақтар пайда болуы мүмкін.

3. Егіздер

Бүгін аспан денелері егіздер үшін өте қолайлы орналасқан, сондықтан қаржылық шамаңыз бен қалауларыңыздың бір-біріне сәйкес келуін тексеріп, кей тұстарға өзгертулер енгізгеніңіз жөн. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз, тек бүгін ғана шешуші шешімдерін қабылдап, тағдырыңызды жаңадан жаза аласыз.

4. Шаян

Алдағы бірнеше күн бойы жеке өміріңіздегі қарым-қатынас сезімдеріңізге қатты әсер етеді. Жақындарыңыз бен достарыңыздан көмек алмасаңыз да, сіз жұмысыңызды жақсы атқарасыз. Дегенмен, жүйке жүйеңізді біраз тынықтырып алғаныңыз абзал, мұндай эмоционалды қысым күйзеліске әкелуі мүмкін.

5. Арыстан

Сіздің табандылығыңыз мақтауға тұрарлық, алайда соңғы кездері арыстандар өз мүдделерін қорғамайтын қажетсіз іс үшін күресіп, бір орында тұрып қалған сияқты. Егер ойланып, шынымен солай екенін мойындасаңыз, әрекетке көшіңіз. Бүгін барлығы өз қолыңызда.

6. Бикеш

Егер соңғы кездері қандай да бір текетірестің ортасында жүрсеңіз, бүгін қарсы тарап жеңілісін мойындап, серіктестік ұсынса, сәттілік сіздің жағыңызда екенін ұмытпаңыз. Ұсынысты қабылдаңыз, көп ұзамай серіктесіңіздің жауапкершілікті, сенімді адам екенін түсінесіз.

7. Таразы

Бүгін таңертең қандай да бір нәрсеге сенімді болсаңыз, мейлі ол жұмыс, қаржылық тұрақтылық, жеке өміріңіз болсын, кешке бәрі өзгеріп шыға келеді. Өміріңізде үлкен өзгерістер болады. Қазір күтуден басқа амал жоқ, сондықтан өзіңізге қосымша міндеттер жүктемеңіз. Ұсақ-түйек мәселелерді шешіп қойыңыз, себебі үлкен мәселе туындағанда оларға көңіл бөлетін уақытыңыз болмайды.

8. Сарышаян

Сарышаяндар махаббат мәселесіне көңіл бөлгені жөн. Егер дұрыс шешім қабылдасаңыз, сізді жуырда көптеген жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Бүгінгі күннің оқиғаларынан жағымды нәрсе көруге тырысыңыз. Күнделікті жұмыстарды кейінге қалдырып, шынымен маңызды мәселелермен айналысыңыз.

9. Мерген

Бүгінгі күн мергендер үшін пайдалы, әрі жемісті болуы мүмкін. Әрине, егер сіз қаржыңызды басқара алсаңыз және серіктесіңізбен қалай сөйлесу керегін білсеңіз. Ал өзіңіздің не қалайтыныңызды білмесеңіз, сіз үшін ауыр күн болады, күні бойы ары-бері шапқылаумен боласыз.

10. Тауешкі

Ынтымақтастық пен ұжымдағы жұмысқа қатысты идеяларыңыз болса, олар айнадағылардың қолдауына ие болады. Бүгін жұлдыздар сізді жұмыс істеуге, келісімдер жасауға итермелейді. Ал күннің қалған бөлігі бірқалыпты өтеді. Жақындарыңыз сізге қолдау көрсетеді деп үміттенбеңіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін суқүйғыштар үшін біраз тынығатын күн, жақындарыңызбен қарым-қатынаста да, кәсіби салада да. Мүмкіндік болса, демалыс ұйымдастырсаңыз болады. Соңғы кездері көрсеткен табандылық үшін өзіңізді марапаттауыңызға болады.

12. Балықтар

Шығармашылық ой мен кәсіпке инновациялық тұрғыдан қарау кез келген мәселені шешуге көмектеседі және балықтарға керемет жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бүгін сіз көп іс тындырып, озық жоспарды алға тартуыңыз мүмкін. Бастапқыда ол күмән туғызса да, бірте-бірте айналадағылар оны мойындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763607-15-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal.html