RU

Сапарбаев: Алла әр уақытта көңілі, ниеті таза адамдарды қолдайды

Ақтөбеде Қазақстан президентінің көшпелі көрмесі өтіп жатыр. "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты жобасының тұсаукесері кезінде күннің бірден жылынып кеткеніне таңданған облыс әкімі жағдайды елбасының ерекшелігіне балады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Бабаларымыздың асыл армандары орындалды. Сарыарқаның төріне ешкім сенбеген қазақ елінің Астанасы салынды. Бір-бірімен кездесе бермейтін діни ұйымдардың басшылары біздің елде бас қосты. Осының барлығы қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. 27 жылдың ішінде халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарды. Алла әр уақытта көңілі, ниеті таза адамдарды қолдайды. Қараңыздаршы, кеше күн қандай еді бүгін қандай", - деді Бердібек Сапарбаев.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өңірде елбасы көрмесі аясында семинарлар, ғылыми конференциялар өтіп жатыр. Президент көрмесі облыс аудандарына да баратын болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Бұл көрменің осында келуіне елбасының ықпалы зор болды. Бізге тапсырма берді. Елбасының 50-ге тарта шетелдерден алған ең жоғарғы мемлекеттік наградаларының түпнұсқасын әкеліп отырмыз. Әлем басшыларының кәде сыйларының көпшілігін алып келдік", - дейді президент кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков.

Сонымен қатар, ақтөбеліктерге президент оркестірінің әндерін тегін тамашалауға мүмкіндік берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763613-saparbaev-alla-r-uakytta-kili-nieti-taza-adamdardy-koldajdy.html