RU

"Қазақстандық Месси" ауыр жарақат алды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет ауыр жарақат алғандықтан Ұлттар лигасы аясында Литва құрамасымен өтетін матчке қатыса алмайды. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

prosports.kz
Фото:prosports.kz: Facebook

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов футболшы қалпына келу үшін үш ай уақыт қажет болатынын айтып өтті.

Спортшыға күрделі ота жасау қажет, сондықтан ол Германияға ұшады екен. Отадан кейін футболшы үш ай бойы реабилитациядан өтеді.

Құраманың бапкері футболшыны алмастыруға Пурцух, Өміртаев және Антипов шақырылғанын мәлімдеді. Олар қордағы ойыншылар екен.

Стоилов футболшылардың Латвиямен өтетін кездесуде жақсы өнер көрсететініне сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763621-kazakstandyk-messi-auyr-zarakat-aldy.html