RU
Депутат екі елдің азаматтығын алғандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Депутат екі елдің азаматтығын алғандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Бас прокуратурадан мемлекеттік қызметкерлерді, заңгерлер мен адвокаттарды тексеріп, екі елдің азаматтығы барларды қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

gpmpartners.kz

Көрнекі фото:gpmpartners.kz

Бүгінгі таңда еліміздің 527 азаматының қос азаматтығы бар екен. Олардың басым көпшілігі Ресей азаматтығын алғандар. Қос төлқұжат ұстағандар қарапайым адамдар 480 мың теңге, ал мемлекеттік қызметкер 720 мыңнан астам айыппұл төлеп, жауапкершіліктен құтылып жүр екен.

"Олар аса қауіпті. Қай елдің сойылын соғып жүргені белгісіз", - деді депутат.

Депутаттың пікірінше, қарапайым адамдар зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қызығып азаматтық алуы мүмкін, ал мемлекеттік қызметкердің қос азаматтығы, сатқындық болып табылады.

"Заң бұзған мемлекеттік қызметкердің  әрекеттерін - қосмекенді бақа-шаянның қылығы деп түсінеміз. Мемлекеттік қызметкерлердің, адвокаттардың,  сот орындауышлардың, сондай-ақ,  билік өкілі қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың  қос азаматтығы бар-жоғына тиісті тексеру жүргізуді, жоғарыда аталған азаматтарды қос азаматтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз", - деді Берік Дүйсенбинов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel