RU
Алты баласын жетімдер үйіне өткізбек болған әйелдің өмірі бір сәтте өзгеріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Алты баласын жетімдер үйіне өткізбек болған әйелдің өмірі бір сәтте өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

Алты баласы бар тәжікстандық Зухра Сайфуллоеваны осыдан үш жыл бұрын күйеуі тастап кеткен. Алты баласымен суық дүңгіршекте өмір сүрген әйел, кішкентайларын балалар үйіне өткізбек болады. Барар жері, басар тауы қалмаған қалмаған ананың ауыр тағдырын естігендер оған зәулім үй алып берген деп жазады "Настоящее время"-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

"Қыста бұл жер адам төзгісіз суық болады. Балаларымның барлығының өкпесі ауырады. Мен де кішкентайларымның бар жағдайын жасағанды қалаймын. Бірақ қолымнан ештеңе келмейді. Олардың жағдайын өзім жасай алмағандықтан, мемлекеттің қарауына өткізуге шешім қабылдадым", - деп жылады келіншек.

Алты балаға ортақ төрт аяқ киімдері ғана бар екен. Олар жауынды күндері осы себепті сабақтан да қалуға мәжбүр болған.

Сайфуллоеваның тағдыры жайлы теледидардан көпшілік оның отбасына киім-кешек пен азық-түлік, қажетті үй жабдықтарын жібере бастаған.

Тіпті адамдар алты балалы келіншекке 15 мың доллардан аса қаражат жинап, екі бөлмелі үй алып берген.

"Өмірден еш үмітім қалмап еді. Мейірімді адамдардың барына, Аллаға шүкір. Бірнеше күнде үй сыйлады", - деді Зухра Сайфуллоева.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
3
4
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel