RU

Өз әйелін сүймек болған 91 жастағы қария түрмеге түсті

Американың Коннектикут штаты Фэрфилд қаласында өз әйелін сүймек болған 91 жастағы қария ұсталды деп хабарлайды WTNH порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ru.freeimages.com
Көрнекі фото: Ru.freeimages.com: Facebook

Журналистердің хабарлауынша, оқиға қарттар үйінде болған. Онда Хайнц Фонкузи өз жұбайымен бірге тұрыпты. Бірде зейнеткер кездесу кестесі басталмай тұрып, әйелінің бөлмесіне кіргісі келген көрінеді. Алайда дәл осы уақытта медицина қызметкерлері бірден полиция шақыртқан екен.

Қызметкерлер Фонкузиға әйелін сүюге болмайтынын, өйткені ол осы әрекетімен жұбайына ішкі тәртіпте тыйым салынған заттарды беруі мүмкін екенін алға тарады.

Анықталғандай, қария осындай қылықтары үшін 25 рет түрмеге отырып шыққан екен.

Жақын арада қарт кісі сот алдына келмек. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763658-z-jelin-sjmek-bolgan-91-zastagy-karia-trmege-tsti.html