Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкенге келген азаматты итеріп жіберген елес камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Youtube желісіндегі The Hidden Underbelly 2.0 арнасында желідегілерді елең еткізген видео жарияланды. Онда дүкенге келген азаматтардың бірін елес итеріп жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Видеодан дүкенге келген азаматтың ойда-жоқта зәре-құты қашып, селк ете қалғанын аңғаруға болады.

Оның не себепті бұлай қорыққанын түсінбеген қасындағылар ештеңе көрмеген де екен.

Бұл жағдайға таң қалған дүкен иесі бейнебақылау камерасына түскен жазбаларды тексермек болыпты.

Ал бейнезжазбаны көрген кәсіпкер дүкендегі азаматтардың біріне бұлыңғыр ақ шардың жақындағынын байқайды.

Дәл осы кезде азамат та қорқып, қимылдап кетіпті.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып қалдыруда. Олардың қатарында видеоның шынайылығына сенбеген адамдар да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1763660-dkenge-kelgen-azamatty-iterip-zibergen-eles-kameraga-tsip-kaldy/

pixel