RU

Индонезияда ұшақ апатында қаза болған жігіттің сүйіктісі оның соңғы тілегін орындады

Индонезияда болған ұшақ апатында қаза болған жігіттің қалындығы оның асыл арманын орындады. 13 жыл бойы бірге болған ғашықтар 11 қараша күні үйлену тойын өткізу керек болған. Алайда, күйеу жігіттің мезгілсіз өлімі олар құрған жоспардың күл-талқанын шығарды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Интан Шьяри сүйіктісі Рио Нанда Пратамаға қалындық көйлегімен фотосессия жасауға уәде беріп, ғашығының көз жұмғанына қарамастан өз сөзінде тұрған.

Марқұм күйеужігіт мамандығы бойынша дәрігер болған. Ол Джакартаға арнайы семинарға аттанып, үйіне үйлену тойына қарсы келуді мақсат еткен. Алайда, ол отырған ұшақ апат болып, ғашықтардың арманы орындалмай қалады.

Қайғылы жағдай болған күні ер адам сүйіктісіне өзі үлгермеген жағдайда, оған қалындық көйлегімен түскен суретін жіберуін айтып, қалжындаған екен.

Күйеужігіттің әзілдеп айтқан сөзі шындыққа ұласып, ақыр-соңында жалғыз қалған ару махаббатының соңғы қалауын орындап, қалындық көйлегімен фотосессияға түскен.

Бойжеткен Instagram парақшасын суреттермен бөлісіп, жантебірентерлік жазба қалдырған.

"Мен қайғыра бермей, үнемі мықты болуым керек. Сен маған әркез осылай айтушы едің" , - деп жазды ол.

Қайғыдан қан жұтқан аруды суретке түсірген фотограф ғашықтардың бұл фотосессияны алдын ала белгілеп қойғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін бортында 189 адам бар ұшақтың Ява аралының маңында апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763668-indoneziada-sak-apatynda-kaza-bolgan-zigitti-sjiktisi-ony-sogy-tilegin-oryndady.html