RU

Метроға ешкісімен кірген жігіттің кесірінен пойыз тоқтап қалды (фото)

Франция астанасында 13 қараша күні қызықты жағдай орын алды. Метроға ешкісімен қоса кірген азамат, жолаушыларға лық толы пойыздың тоқтап қалуына себепкер болған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: Facebook

Қоғамдық көлік ішіне жануарды алып кірген жігіт көпшіліктің ашуын тудырған. Жолаушылар одан пойыздан шығып кетуін талап еткенімен, ол өз дегенінен қайтпаған.

Ер адамның қылығына шүйліккен жұртшылық оны полицияның көмегімен шығарудан басқа амал таппаған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшыларын көре сала, ер адам бірден ізін суытуға тырысқан. Алайда, полицейлер қоғамдық көлікте шу шығарған азаматты ұстап үлгерді.

Кейін елдің есін шығарған жігіттің қолындағы ешкіні ұрлап кеткені анықталды. Пойыз қозғалысы ер адам ұсталғаннан кейін қалпына келген. Алайда көптеген жолаушылар жұмысына кешігіп барған.

Париж тұрғындары метрода мұндай оқиға бұрын-соңды болмағанын айтады.

Айта кетейік, Парижде меторға тек иттерді алып кіруге рұқсат етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763675-metroga-eskisimen-kirgen-zigitti-kesirinen-pojyz-toktap-kaldy-foto.html