RU

Алматыда автобус өртеніп кетті (видео)

Бүгін Instagram желісінде Алматыдағы №137 қоғамдық көліктің өртеніп жатқан видеосы тарады. Осыған қатысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Сандуғаш Баймұхамбетованың мәліметінше, Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің "101" жедел нөміріне 9:21 минутта автобустың өртенгені туралы хабар түскен.

Оқыс оқиға Наурызбай көшесі Шұғыла шағын ауданындағы Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында орын алыпты.

Белгілі болғандай, №137 бағыттағы қоғамдық көліктің артқы дөңгелегі мен салонын қызыл жалын шарпыған.

Өрт 09:59-да толықтай алауыздықталды. Ол 20 шаршы метр аумақты қамтыған.

Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763676-almatyda-avtobus-rtenip-ketti-video.html