RU

Итінің жүнін күтуге бес млн теңге жұмсаған қытайлық жігіт елді таңғалдырды

Үй жануарларын ұстайтын адамдар үшін жануарлары отбасы мүшелеріне айналады, бірақ кейде шектен шығатындар да болады. 29 жастағы қытай азаматы Кевин Чан ауған тазысының жүнін күтуге бес миллион теңге жұмсаған. Бұл туралы bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Caters News Agency
Фото:Caters News Agency: Facebook

Кевин Чан Пекинде маркетинг директоры қызметін атқарады. Ол Бэттл есімді ауған тазысын қатты жақсы көреді. Оның жүнін күтуге арналған құралдарға ер адам 100 000 юань (бес миллион теңге) жұмсаған. Ал су сабын мен иттің косметикасына ай сайын 4 500 юань кетеді екен.

Caters News Agency
Фото:Caters News Agency: Facebook

Апта сайын ер адам иттің жүнін тарауға 6-8 сағат уақытын бөледі. Кевин Чанның сөзінше, Бэттл ең керемет жануар.

Caters News Agency
Фото:Caters News Agency: Facebook
"Бэттлді үйіме әкелген кезде де ең керемет ит болатын. Ол менің отбасымның мүшесі, сондықтан оған уақыт пен ақша жұмсағаныма еш қынжылмаймын", - деді Кевин Чан.

Чан Бэттлді он күнде бір жуындырады екен. Оны жуындыруға тағы сегіз сағат уақыт кетеді.

Caters News Agency
Фото: Caters News Agency: Facebook
"Әрдайым "Мен итті емес, ит мені таңдады" деп айтамын", - дейді Чан.

Сонымен қатар қытайлық жігіт күнделікті иттің жүніне арнайы сұйықтық шашып, тарап, үстіне тальк себеді.

Caters News Agency
Фото:Caters News Agency: Facebook
"Бэттл кішкентай күшік болғанда, мен оның күтіміне күнделікті екі сағат уақытымды жұмсайтынмын, қазір бір сағат қана кетеді", - деді иттің қожайыны Чан.

Әрине, мұндай сұлулықты жасыру күнә болады, сондықтан Чан камера сатып алып, сүйікті жануарын суретке түсіріп, суреттермен әлеуметтік желіде бөліседі.

Caters News Agency
Фото: Caters News Agency: Facebook

Көбінесе адамдар Бэттлдің сұлулығына тамсанып, бірге суретке түсуге өтініш білдіреді екен.

Caters News Agency
Фото:Caters News Agency: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763691-itini-znin-ktuge-bes-mln-tege-zmsagan-kytajlyk-zigit-eldi-tagaldyrdy.html