RU

Желіде домбырамен терме орындаған Алмас Кішкенбаевтың видеосы тарады

Желіде Алмас Кішкенбаевтың отандық бағдарламалардың бірінде терме орындаған сәті тарап кетті. Әлеуметтік желі қолданушылары әнші қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Алмас Кішкенбаев. Фото: Видеодан кадр
Алмас Кішкенбаев. Фото: Видеодан кадр: Instagram

Әнші бағдарламады Нұртуған жыраудың "Қанекей, тілім сөйлеші" атты термесін орындаған.

Алайда Алмас Кішкенбаевтың бұл орындауы көпшіліктің көңілінен шықпаған.

"Алмас, әніңді орындап жүре бергенің дұрыс", "Домбырамен ән айтпас бұрын, ойлануың керек еді", "Дауысыңыз болғанымен, терме орындауға келмейді екен".
"Қолыңа домбыра ұстамағаның дұрыс-ау", "Өткенде сұхбатыңызды көрдім. Өлімді ойламай, алға қадам басыңыз" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік желіге таралған бұл видеоның "Бенефис шоу" бағдарламасының 2015 жылғы санынан алынғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Алмас Кішкенбаев өзінің ішімдікке салынып кеткен мәлім етті.

Сондай-ақ әнші келіншегімен ажырасып кеткенін де жұрттан жасырмады.

Басынан түрлі қиындық өткен әншінің айтуынша, ол өзіне қол жұмсауға дейін барған. Алайда терезі алдында тұрғанда қызы хабарласады. Әнші бүгінде өзін мұндай ойлар мазаламайтынын, ауыр күндердің артта қалғанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763704-zelide-dombyramen-terme-oryndagan-almas-kiskenbaevty-videosy-tarady.html