RU

Ayree: Өнеріме қарсы болатын күйеудің керегі жоқ (видео)

Қазақ эстрадасында Ayree есімімен танымал әнші өзінің өнеріндегі өзгерістер жайлы айтып берді. Кәсіби әнші "Ойбай Life" бағдарламасында жүрегінің жартысы жайлы да сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Мұхит Сапарбаев әншіге "Сізге болашақта күйеуіңіз өнерді қой деп талап қойса, қайтесіз?" деген сауал қойған.

Ал Ayree болса өнерден бір сәт алыстай алмайтынын айтты.

"Әр адам өз жолын таңдайды ғой. Мен үшін өнер жолы кедергі емес. Әзірге махаббатым жоқ. Бірақ өнерді екінші жолға қоя алмаймын.

Егер күйеуім менің өнеріме қарсы болса, маған ондай күйеудің керегі жоқ. Ер адамға басты қояр талабым - мені түсіне алуы керек. Өнерді ешқашан тастамаймын", - деді әнші қыз.

Айта кетейік, бағдарламаның толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Осыған дейін Ayree қазақ эстрадасында кәсіби әншілер жайлы өз көзқарасын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763716-ayree-nerime-karsy-bolatyn-kjeudi-keregi-zok-video.html