RU

Алматыда үш қабатты ғимарат өртке оранды (фото)

Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің "101" нөміріне Бостандық ауданы Алатау шағын ауданы Ұлан көшесіндегі 37 "Д" үйдің шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Getty Images

Өрт туралы құтқарушыларға хабар 9:33-те келіп түскен. Олар оқиға орнына 9:47-де жетіп, қызыл жалын алаңынан бір адамды аман алып шықты. Бұдан бөлек 20 адам эвакуацияланған.

Белгілі болғандай, тілсіз жау үш қабатты ғимараттың жоғарғы бөлігінде тұтанған.

Жедел көмек қызметкерлері 400 шаршы метрге жайылған өртті 11:34-те толықтай сөндіріп шықты. Оған жеке құрамның 71 қызметкері мен 21 арнайы техника жұмылдырылған.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763724-almatyda-s-kabatty-gimarat-rtke-orandy-foto.html