RU
Мұғалім Путинді "ұры" деп жазған оқушыларды ату жазасымен қорқытқан (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Мұғалім Путинді "ұры" деп жазған оқушыларды ату жазасымен қорқытқан (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Таежный елді мекенінде №20 мектеп мұғалімі "Путинді ұры" деп атаған шәкіртттеріне шүйлігіп, оларды ату жазасымен қорқытқан. Мемлекет басшысына қатысты жағамысыз пікір жазған оқушыларға ашулы мұғалімнің видеосы желіде тарады деп жазады fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Анықталғандай, оқиға 13 қараша күні орын алған. Евдокия Ковалева есімді мұғалім тақтадағы "Путин ұры" деген жазбаны көре сала ашуға бой алдырады. Шәкірттеріне шүйліккен қарт ұстаз олармен жеке тәрбие сағатын өткізуге ниеттенген.

Өз әңгімесінде ол кезінде мұндай пікірлер үшін халық қандай жазаға тартылғанын айтып беріп, оқушылардың зәресін ұшырған. Оған қоса, Ковалева бұл жағдайдың мемлекет басшысына жетпегені үшін өзіне рахмет айтуды талап еткен.

"Маған алғыс айтуларын керек. Мектептің атына кір келмеу үшін іске полицияны араластырмадым. Менің бұл оқиғаны айтпауымды жалынып сұрады. Сол себепті бір жолға кешіріммен қарадым. Әйтпесе бастарын кететін еді. Мұндай үшін ату жазасы да болар еді. Президентті ұры дейтіндей дәлелдерің бар ма нақты? Жоқ болса, мен сөзімді аяқтадым" , - деп айтқан ұстаз.

Оқиға сәтін мектеп оқушылары ұялы телефондарына түсіріп, желге таратып жіберген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel