RU

Жиынға кешігіп келген Путин әріптестерінің алдында ұятқа қалды

Ресей президенті Владимир Путиннің ресми жиындарға кешігіп келу әдеті оны әріптестерінің алдында ұятқа қалдырды деп хабарлайды timeskz.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: timeskz.kz
Фото: timeskz.kz: Getty Images

Демалыс күндері Парижде өткен әлемдік көшбасшылар жиынына Путин ең соңғы болып келген.

Салтанатты шара Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Le Temps басылымының мәліметінше, Ресей президенті "өз абыройын көрсету үшін" осындай қадамға әдейі барған.

Фото: timeskz.kz
Фото: timeskz.kz: Getty Images

Триумфалды арканың алдында өтіп жатқан шараға Путин келген соң, АҚШ президенті жарымен қоса оған еңкейіп тұрып сәлемдескен.

Батыс журналистері түсірген суреттерде Ресей президенті Трамптың жанында тым аласа бойлы болып көрінеді.

Оны байқаған желі қолданушылары көшбасшының бойын қызу талқылап, кейбірі тіпті күлкілі көрінетінін жазыпты.

Фото: timeskz.kz
Фото: timeskz.kz: Getty Images
"Ресейде Путинді суретке түсіретін фотографтар қандай жағдай болмасын оның бойын жанындағы адаммен тең дәрежеде етіп көрсетуі керек екен. Трамптың бойы одан 20 сантиметрге биік екенін ескерсек, бұл соншалықты оңай тапсырма еместігі түсінікті", - деп жазылған басылым мақаласында.
Фото: timeskz.kz
Фото: timeskz.kz: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763747-ziynga-kesigip-kelgen-putin-riptesterini-aldynda-atka-kaldy.html