RU

Отандық әнші хайп арқылы танылатын әріптестерін сөгіп тастады

Ayree есімімен танылған отандық жас әнші Әйгерім Рақышева "хайп қуған" әріптестерін сынға алды. Өнер иесі танымалдылыққа қол жеткізу үшін қара пиар жасайтын әншілердің деңгейіне түскісі келмейтінін "Ойбай Life" бағдарламасында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ayree. Фото:www.1show.kz
Ayree. Фото:www.1show.kz: Instagram
"Менің ойымша, хайп трендтен өткен нәрсе. Мен ол дүниені аса ұнатпаймын.

Маған лас дүние секілді. Өнер әлемінде өз орны бар әнші болса, халыққа өзін дәлелдеу қолынан келсе, нашар нәрсені кім керек қылады?!

Менің ойымша, хайпты тек хит болмаған әншілер таңдайды", - деп өз пікірін білдірді Ayree.

Айта кетейік, осыған дейін Ayree қазақ эстрадасындағы кәсіби әншілер жайлы өз көзқарасын айтқан болатын.

Сондай-ақ, әнші болашақ күйеуінен нені талап ететінін ашып айтты.

Ал бағдарламаның толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан тамашай аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763758-otandyk-nsi-hajp-arkyly-tanylatyn-riptesterin-sgip-tastady.html