Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус өртіне қатысты жауапты мекеме мәлімдеме жасады

Опубликовано:

"Алматыэлектротранс" ЖШС-і Алматыда өртке оранған автобус оқиғасы жөнінде мәлімдеме жасады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Instagram

Компанияның айтуынша, № 137 жолаушылар автобусы таңғы уақытта кестеге сәйкес шығыпты.

"Жол-жөнекей, жолаушылар салонға отырмай тұрып, автобустың артқы дөңгелегі жағынан от шыққан.

Жүргізуші нұсқаулық бойынша бірден 101 қызметіне хабарлап, көліктің маңынан өтіп бара жатқандардың қауіпсіздігі үшін тиісті шараларды іске асырды. Ер адам өрт сөндірушілер келгенше жалынды өздігінен сөндіруге барынша тырысқан.

Айта кетерлігі, өрт шыққан сәтте автобус ішінде жолаушылар болмады. Сол себепті оқиғада зардап шеккендер де жоқ.
Жүргізуші нұсқаулық бойынша әрекет етті. Өрттің шығу себебін арнайы тексеріс сараптамасы анықтамақ. Оның нәтижесін кейінірек хабарлайтын боламыз" , - деді "Алматыэлектротранс".

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Наурызбай ауданында таңертең автобустың өртеніп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763761-almatydagy-avtobus-rtine-katysty-zauapty-mekeme-mlimdeme-zasady/

pixel