RU

Гей жігіттердің үйлену тойы жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Әлеуметтік желіде гей жігіттердің үйлену тойының видеосы тарап кетті. Ақ костюм киген "жұбайлар" көпшіліктің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Видеодан мейрамханаға кірген қос ғашықты көруге болады.

Олар достарының қошеметімен залдың ортасына өтіп, махаббат вальсін билеген.

Ал олардың сүйісе кеткен сәтін көрген желі қолданушылары теріс пікірді қарша боратты.

"Масқара", "Алла сақтасын", "Қазір дені дұрыс жігіт қалмаған өзі", "Адамдардан қорқатын заман болды ғой".

"Құдай сақтасын", "Біздің елде мына бассыздықты заңдастырмаса болды", "Әр адамның бақытты болғаны дұрыс қой. Не айтарымды да білмеймін".

"Айтарға сөзім жоқ", "Айналасындағы адамдар несіне қуанып жүр? Бұл жылайтын нәрсе ғой", - деп жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763783-gej-zigitterdi-jlenu-tojy-zrtty-zagasyn-statty-video.html