RU
Алматыдағы наркологияда ер адам полицейлермен төбелескен (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы наркологияда ер адам полицейлермен төбелескен (видео)

Рассказать Вконтакте

Соңғы күндері WhatsApp мессенджерінде полиция қызметкеріне шабуыл жасап, Алматыдағы наркологиялық орталықта төбелес шығарған ер адамның видеосы тарады. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр
Source: Instagram

Бейнежазбада екі полиция қызметкері кабинетке ер адамды алып кіргенін байқауға болады. Ол бірден тәртіп сақшысына жұдырық жұмсап, әрмен қарай төбелес басталып кетеді. Жаға жыртысқандарды ақ халатты медицина қызметкері ажыратпақ болған.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлім еткендей, бұл оқиға 2018 жылдың басында Алматы қаласында болған екен.

Тәртіп сақшылары қоғамдық орында мас күйде ереже бұзған азаматты ұстап алыпты. Ол алкогольдік ішімдік тұтынғанын растау үшін наркологиялық орталыққа жеткізілген. Сонда қолға түскен бұзақы полицейлерді балағаттап, оларға қарсылық танытады.

Сәдубаевтың айтуынша, осы оқиғадан кейін Медеу аудандық Ішкі істер басқармасында қызметтік тұлғаны балағаттағаны үшін іс қозғалған. Алайда ол "негізсіз" жабылып қалыпты.

"Қазіргі уақытта Алматыдағы полиция департаментінен Медеу аудандық прокуратурасына қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнен бас тарту жөнінде өтініш түсіп, іс қайта қаралатын болады", - дейді ол.

Сондай-ақ, қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп, істің не себепті тоқтатылғаны анықталып жатыр екен. Оған қатысы бар тұлғалар өз ісі үшін жауап береді дейді Сәдубаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel