RU
Экс-депутат жақында Солтүстік Қазақстан облысының атауы өзгеретінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Экс-депутат жақында Солтүстік Қазақстан облысының атауы өзгеретінін айтты

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысындағы бұрынғы депутат, танымал блогер Ғалым Байтұқ өзінің Facebook парақшасында өңір атауының жақын арада өзгеруі мүмкін екенін жазды. Оның айтуынша, бұл тақырып Петропавлда өткен Қазақстан-Ресей форумында талқыланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Ғалым Байтұқ СҚО және Петропавл қаласының маслихат депутаты, СҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ, саяси партиялар мен министрлікте жауапты қызметтер атқарған және Назарбаев орталығында бөлім меңгерушісі болды.

"Кей мәліметтер бойынша, Петропавлда өткен Қазақстан-Ресей форумында ресми делегация мүшелерінің арасында СҚО атауын жақын арада өзгерту туралы әңгіме қозғалған.
Оған ешкім қарсылық танытпағаны қуантады. Бұл өлкеге қандай атау берілетінін білмеймін, бірақ Қызылжар облысы деп атау туралы ұсынысым бар", - дейді ол.

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев аталмыш жазбаға пікір білдіріп, ондай сыбыс естімегенін жеткізген.

"Мен бұл форумға қатысып, "Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозинмен, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесіп, ол туралы әңгіме естімедім.

Петропавлда Қызылжар ауданы бар. Енді облыстың атауын өзгерту не үшін қажет? Ол экономикалық тұрғыда көп шығындар алып келеді. Солтүстік Қазақстан облысы деген мемлекеттік әрі аудандық орнымызды анықтап тұр.

Жергілікті тұрғындар да оған қарсы болатын шығар, көпшілігі тіпті, мән бермеуі де мүмкін", - дейді сарапшы.

Осыған орай NUR.KZ тілшісі жазба авторымен байланысқа шығып, ақпаратты таратушы туралы мәлімет сұраған.

"Нақты аты-жөндерін жариялай алмаймын, бірақ маған билікке қатысы бар және форумда болған адамдар келіп, СҚО атауының өзгеретіні туралы айтты.

Біз Тәуелсіз ел болғандықтан, кез-келген аудан немесе өңір атауын өзгертуге құқылымыз. Нақтылап айтамын, әңгіме Петропавлдың емес, СҚО атауын өзгерту туралы болған.

Халық бұл өңірді Қызылжар деп атау туралы тәуелсіздік алғалы бері айтып жүр. Тіпті Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер де осы турасында жазған. Өте жақсы естіледі, меніңше.
Неге Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістанға ауыстырғанда, біз жап-жақын Солтүстік Қазақстанды өзгерте алмаймыз?", - деді Ғалым Байтұқ.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel