RU
Керчьте қырғын салған жігіттің денесін мәйітханадан әлі алып кетпеген
Жаңалықтар Әлемде

Керчьте қырғын салған жігіттің денесін мәйітханадан әлі алып кетпеген

Рассказать Вконтакте

Керчь колледжінде қанды қырғын ұйымдастырып, бірнеше адамды өлтірген Владислав Росляковтың денесін мәйітханадан әлі алып кетпеген. Бұл туралы Дни.ру сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: t.me/breakingmash

Фото: t.me/breakingmash
Source: UGC

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, жігіттің өлі денесі мәйітханада жатқанына бір айдан асқан. Оны алып кетуге туыстары әлі күнге дейін келмепті. Тек мамандар медициналық сараптама жүргізу үшін бірнеше аптаға алған екен.

"Жерлеу бойынша ешқандай ақпарат жоқ. Себебі оның денесін алып кетуге ешкім бармаған", - деп жазылған мақалада.

Кей мәлімет бойынша, қазір бұзақы жігіттің анасы ауруханада жатыр екен. Ал әкесі бұрынғысынша, қалада тұрып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, Росляковтың анасы өз ұлы оқ жаудырған адамдарды құтқаруға көмектескен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel