RU
Жігітін шошытпақ болған бойжеткен пойыздың астына секіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Жігітін шошытпақ болған бойжеткен пойыздың астына секіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Нанкин қаласында жігітін шошытпақ болған бойжеткен келе жатқан пойыз платформасының астына секіріп кеткен деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

polit.ru

Фото: polit.ru
Source: Facebook

Оқиға ғашықтар пойызды күтіп тұрған кезде болған. Жігітімен бәстескен қытай азаматшасы кенеттен жүгіріп барып, рельстің ішіне секіріп кетіпті.

Сүйіктісі оның соңынан жүгіріп тоқтатпақ болған. Ал теміржол қызметкерлері болса пойыз жүргізушісіне ескертіпті.

Абырой болғанда, әйелді құтқарып үлгереді, бірақ пойыздың жүрісі кешіктірілген.

"Мен жай әзілдемек болғанмын. Секіре салысымен мені біреу тартып алды. Бұрылғанымда пойызды көріп, қатты шошып кеттім. Ол тура аяғымның қасынан өтті", - деп есіне алды бойжеткен.

Қытай азаматшасы 200 юань (10 мың теңге) көлемінде айыппұл төледі.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel