RU
"Шымбұлақ" басшысы унитазды қиратып кеткен бұзақыларға ашуланды
Жаңалықтар Қоғам

"Шымбұлақ" басшысы унитазды қиратып кеткен бұзақыларға ашуланды

Рассказать Вконтакте

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында белгісіз біреулер әжетханада тұрған унитазды сындырып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz. Фото: instagram.com/yerkinbayev

Коллаж: nur.kz. Фото: instagram.com/yerkinbayev

Қирап қалған унитаздың суретін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының бас директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Осы әжетхананы саларда Серегамен қандай сантехника қоятынымызды ақылдастық. Серега "Villeroy&Boch алайық, барлығын сапалы етіп жасайық" деп тұрып алды.

Бір апта өтпей-ақ "Виллеройды" сындырып кетіпті. Айналамыздағы заттарды қиратып, өз-өзімізге зиян келтіруді доғармайынша, бізде ешқашан барлығы тамаша болмайды.

Осыны сындырған адам айтсыншы, не үшін бұлай жасадыңыз?", - деп жазған Ержан Еркінбаев.

Бас директордың әңгімесіне қарағанда, бұл Шымбұлақтың ең биік нүктесінде бір апта бұрын қойылған унитаз. Заманауи әжетхана 3200 метр биіктікте орналасқан екен.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel