Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін зодиак белгілерінің көбі сезімдер құрсауына түседі. Жай ғана ғаламшарлар солай орналасқандықтан, мамандар дүрлікпеуге шақырады. astroscope сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 16 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото: fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін жұмыста туындаған қиындықтарды қаншалықты шешуге талпынсаңыз да, жұлдыздар олардың бәрін кейінге қалдыруға кеңес береді. Бүгін тоқтылар дауға араласса, өздері опық жеп қалуы мүмкін. Сондықтан үй шаруасымен айналысыңыз немесе таныстарыңызбен әңгімелесіп, уақыт өткізіңіз.

2. Торпақ

Торпақтар үшін өте сәтті күн. Бүгін қиындықтардан басқаның бәрін күтіңіз. Бәлкім, жақындарыңыз кенет сізге сезімдерін білдіруі мүмкін немесе жобаларыңыздың бірін жүзеге асыру үшін сізге көмегін ұсынады. Торпақтар, бастысы жақындарыңызға сол көмектері үшін рахмет айтуды ұмытпаңыздар.

3. Егіздер

Бүгінгі күн егіздер үшін тыныш болады. Қиындықтар мен жайсыздықтар болмайды, ал сіздің істеген істеріңіз пайдаға жарайды. Дегенмен, бүгін маңызды шешім қабылдайтын күн емес. Жұмыста да белсенділік танытпаған жөн.

4. Шаян

Бүгін шаяндар көп бос сөйлеп, негізгі тақырыптың айналасында айналшақтап жүреді. Өзіңізді қолдайтын адам табу қиын болады. Соңғы кездері жақындарыңыздың көмегіне көп сенген боларсыз, бірақ бүгін бәрінің өз жоспарлары бар.

5. Арыстан

Бүгін айналаңыздағылар қуана сіздің айтқандарыңызды істейді, ең бастысы қандай мақсат көздеп отырғаныңызды білсеңіз болды. Шыдамдылық пен табандылық арқасында адамдардың сеніміне кірдіңіз, енді не көздеп жүргеніңізді нақты білсеңіз, қалаған нәтижеге қол жеткізесіз.

6. Бикеш

Жұмыста да, жеке қарым-қатынаста да бикештер байланыстарды жаңартып, осы шақтың шындығына бейімделулері тиіс екенін біледі. Өзгерістерден қорықпаңыз, олар жаңа сезімдер әкеледі. Өміріңіздің жаңа парағын ашыңыз. Бір есікті ашу үшін екіншіні жабу керек.

7. Таразы

Бүгінгі күн таразыларды бизнесті немесе ортақ мүлікті басқаруға қатысты жақсы жаңалықтармен қуантады. Барлық іс өз ретімен шешіледі, сіз әуреге түспейсіз. Істі аяқтау үшін қандай да бір әрекет жасау керек деп ойласаңыз болды, жақындарыңыз, не туысыңыз ол істі әлдеқашан істеп қойған болып шығады.

8. Сарышаян

Сіз бұрын айтқан идеяны айналаңыздағылар қабылдамаса, уайымдамаңыз, оларға жай ғана уақыт қажет. Алға қойған бағытыңыздан таймаңыз, тек идеяңызды достарыңызға, әріптестеріңізге тағы бір қайталап түсіндіріп көріңіз, оның қаншалықты тиімді екенін түсінсін. Осылайша ешкім сізді өз бетіңізше әрекет етті деп айыптамайды.

9. Мерген

Бүгін мергендер істері сәтті аяқталуы үшін достарының, таныстарының, жақтастарының көмегіне жүгінуі тиіс, әсіресе бірлесе шешуді талап ететін істерде. Мергендер тапсырманы жақсы орындайтын адамды жаңылмастан анықтап отырады. Бүгін мергендер үшін өте қолайлы күн, бірақ біраз тер төгу керек болады.

10. Тауешкі

Егер бүгін ұсынылған іс немесе ортақ жобаға қатысты қандай да бір күмәніңіз болса, бірден кері бір қадам аттап, біраз ойланып, шешімді ертең қабылдаңыз. Уақыт өте келе күмәніңіз сейілмесе, күшіңіз бен қаржыңызды жұмсайтын басқа іс таба аласыз.

11. Суқұйғыш

Жетістікке жету мүмкіндігіңіз бар, сондықтан жолыңызда қиындықтар туындаса оларды шешуге тырысыңыз. Бүгінгі күннің басты қиындығы, айналадағы адамдармен болатын түсініспеушіліктер.

12. Балықтар

Бүгін сізге ұсыныс тастағандардың идеялары сіздің көңіліңізден шыға бермейді, бірақ оны бірден оларға айтудың қажеті жоқ. Бүгін балықтар көпшіліктің арасында жүріп, көп көзге түспеген жөн. Қызбалығыңызды басып, көңіл күйіңізді қадағаласаңыз дұрыс болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1763828-16-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel