RU
Астанада "бомба қойылған" үйдің тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада "бомба қойылған" үйдің тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялады

Рассказать Вконтакте

Астанада Жирентаев 14 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялап жатыр. Төтенше жағдай орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

цпццу

Фото: newtimes.kz
Source: Getty Images

Үйге жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама келіп түскеннен кейін, оқиға орнына жеткен арнайы қызметкерлер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді бастаған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен кинологтар жұмыс істеп жатыр.

Үй маңы қоршауға алынып, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметтерінің көлігі кезекшілікте тұр.

"Құзіретті органдар хабарламаның авторын анықтап жатыр. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың бір бөлігі автобустарға, қалғандары Жирентаев, 16 мекен-жайы бойынша орналасқан №22 мектеп-гимназияның спорт залына орналастырылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Астанадағы №22 мектеп оқушыларын да тәртіп сақшылары эвакуациялаған болатын.

Кейіннен полицейлер білім ордасында бомба бар екенін хабарлаған 15 жасар жасөспірімді анықтап, оны тұтқындаған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel