RU
Ақтөбеде полиция бөлімінің бұрынғы басшысы шатылып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде полиция бөлімінің бұрынғы басшысы шатылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қалалық сотында Елек полиция бөлімінің басшысы Нәби Алдамжаровқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Полковник биылғы жылдың сәуір айында қылмысы үстінде ұсталған болатын. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото

Сот залынан фото
Source: Facebook

Жергілікті полиция бөлімінің басшысы Нәби Алдамжаров қаладағы "Окей" қонақ үйін өзінің қорғауына алуға уәде береді. Қызметін асыра пайдаланған полицей кәсіпкердің салық төлемеуіне, оны ешкім мазаламауына уәде берген.

Сот залынан фото

Сот залынан фото
Source: Facebook

Сонымен қатар, қонақ үйге өзі барып, осы қызметі үшін 100 мың теңгеден беріп тұруды сұраған. Кәсіпкер сол сәтте ақшасының жоқ екенін айтқан. Полиция басшысы ертеңіне барып, кәсіпкерден ақша сұрап тұрған жерінен қолға түсті. Ол кәсіпкерден 20 мың теңге алған.

Полиция басшысы тағылған айыппен келісіп отыр.

Қызметін асыра пайдаланған полиция басшысына қатысты сот отырысы ертең де жалғасады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel