RU
32 жастағы қырғыз депутатын белгісіз біреулер атып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

32 жастағы қырғыз депутатын белгісіз біреулер атып кеткен

Рассказать Вконтакте

Бесінші қараша күні белгісіз біреулер атып кеткен қырғыз депутаты әлі хал үстінде жатыр. 32 жастағы Кубанычбек Баяновтың өмірі үшін тәжік дәрігерлері күресуде деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: ukrinform.ua

Көрнекі фото: ukrinform.ua
Source: Facebook

Басылымның мәліметінше, оқыс оқиға осыдан он күн бұрын болған. Оқ жарақтын алған Баткен облысы Лейлек ауданы Жани ауылының депутаты екен. Туыстары Қырғызстанда ең жақын аурухана 93 шақырым жерде болғандықтан, олар науқасты Тәжікстандағы медициналық мекемеге жеткізген.

Содан бері халық қалаулысы әлі есін жимапты. Дәрігерлер сәрсенбі күні тағы бір ота жасаған.

Бободжон Гафуров аудандық ауруханасының бас дәрігері Жамшед Мирбегиевтің сөзінше, ол жас депутатты аман алып қалу үшін ақ халаттылар барын салып жатқанын айтады. Қазір науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда, ол аппарат көмегімен демалып жатыр екен.

Ал Кубанычбек Баяновтың ағасы Гайратбек Баяновтың айтуынша, қылмыскерлер әлі ұсталмаған.

"Олар бауырымның арқасынан атқан. Ешкім көрмеген", - деді Гайратбек Баянов.

Қырғызстанның тергеу органдары қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Әзірге ешкім ұсталмаған. Қылмыс мотиві де белгісіз. Тергеудегілер шабуыл оның депутаттық қызметімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel