RU

Судандық отбасы 17 жастағы қызын аукционда 500 сиырға сатып жіберді (фото)

семья из Судана
Фото: Facebook

Оңтүстік Суданда отбасы 17 жастағы қыздарын Facebook-те аукционға қойып, сатып жіберді. Жеткіншек қызды әйелдікке алған бизнесмен оның отбасына 500 сиыр, үш көлік және 7,5 мың фунт стерлинг берген деп жазады life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аукционда жасөспірім қыз үшін бес адам таласқа түскен. Олардың арасында лауазымды шенеунікте болған.

Аукционға сонымен қатар штаттардың бірінде губернатордың орынбасары қызметін атқарып жүрген Дэвид Майом Риакта қатысыпты. Ол қыздың отбасына қалың малы ретінде 250 сиыр ұсынған.

"Мен бұл отбасыны өте жақсы білем. Себебі бұрын көрші тұрғанбыз. Мен оған кішкентай кезінде-ақ үйленем деп уәде бергем", - дейді Дэвид Майом Риак.

Алайда жеңімпаз деп тоғыз әйелі бар Кок Алат есімді бизнесмен азамат жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763847-sudandyk-otbasy-17-zastagy-kyzyn-aukcionda-500-siyrga-satyp-ziberdi-foto.html